Песня Мейрамбек Беспаев - Қызым саған айтам

Рейтинг: 0

Исполнитель: Мейрамбек Беспаев

Название песни: Қызым саған айтам

Продолжительность mp3: 05:20

Дата добавления: 2016-07-29

Текст просмотрен: 617




Скачать

Текст песни Мейрамбек Беспаев - Қызым саған айтам

Арманшыл болсаң құп алам,
Арына сенер бұл алым
Өмірде нелер болмайды,
Сүрініп мен де құлағам
Өнерді қусаң мол болар,
Өмірден алған сыбағаң
Абайла қызым, тағдырдың бұралаң жолы-ай бұралаң.
Талайды сынап түзеткен,
Еліңді сыйла ізетпен
Әкең де саған жол сілтеп,
Ізгілік жолын күзеткен
Анаңды жерге қаратпа,
Көктемін сен деп күзеткен
Абайла қызым, тағдырлар талайдың жанын мұз еткен

Өмірге берсең, аласың,
Оқысаң, лаулап жанасың
Шайпауыз болсаң арманға жете алмай жолда-ау қаларсың.
Нәзіктік болар жолдасың
Ұл емес сен қыз баласың
Абайла қызым, тағдырлар салады жанға-ау жарасын.
Құлағын түргін санаңның,
Жұмбағы санның ғаламның
Арман мен нұрдан жаралған,
Гүлісің сен бір даламның
Адалдық болса кеудеңде,
Артқаны дәйім бағаңның
Абайла қызым, өзіңнен болмақ жақсы-ау адамның.

Атырып көзбен әр таңды,
Әжең де қуған арманды
Кім өтер дейсің мәңгілік,
Жанына байлап жалғанды
Өмірде не бір арулар,
Өшпестей өрнек салғанды
Абайла қызым, өкініп талайлар қапы-ау қалғанды.
Арайлы таңның жыры көп,
Жыры көп, шашар нұры көп
Тазалық болса кеудеңде,
Даламның айтар сыры көп
Уақытты босқа өткізбе,
Шығарма естен мұны тек
Айтпайды босқа әкең де,
Уақыттың адам құлы деп.

Кәрілік қашсаң қоймайды,
Сұмажал тіптен тоймайды
Ғұмырың лезде өтеді,
Мақсатқа жетпей болмайды
Еңбекті сүйсең көгеріп,
жапырағың солмайды.
Жеңілдек болсаң қайғыңның,
Өлгенше орны толмайды
Найзағай көкті жүз тіліп,
Жатады кейде түз күліп
Жасарып әлем айдында,
Сәулесі түсер сүзіліп.
Жаз өтер қыс пен күз де өтер,
Құс қайтар қайта тізіліп
Кірпікте арың ілулі,
Кетпесін жас боп үзіліп
Өмірдің сырын байқадым,
Жақсыға байтақ бай таңым
Әділдік жолын барласаң,
Кеудеңде шарлар қайдан мұң
Үмітін ақта-ау анаңның,
Қызым-ау саған айтамын
Әдепті болсаң, өмірден қуанып мен де қайтармын
Қуанып мен де қайтамын.

Другие песни исполнителя Мейрамбек Беспаев

Видео
Мейрамбек Беспаев - Қызым саған айтам


Комментарии (0)

Добавить комментарий


Авторизуйся

Актуальные песни

El Clone - all for love Слушать
Tokio Hotel - Girl Got a Gun [Альбом Kings of Suburbia - 03.10.2014] Слушать
Dan Balan - lenda calenda Слушать
Сектор газа - 08_Местные Слушать
Bana Artik Hicran De - Jenerik Слушать
U2 - Ordinary Love (acoustic) Слушать
(Cafe del Mar vol.5) Electribe 101 - Talking With Myself '98 (Canny Remix) Слушать
Within Temtation - Utopia (feat. Chris Jones) Слушать
Record Breaks Radio - Apollo 440 - Motorbootee Слушать
NAZENIN - CIXAQ GEDEK BURALARDAN(2013) MAGOMED Слушать
Мадина Айдемирова - Мой милый ушёл в небеса Слушать
Steel Phantoms - Curtain Call Слушать
Фарходи Дарё - Без названия Слушать
Миша Маваши - Люди меняются (п.у. Кецон и Пацнчик Эдька) Слушать
XS Project - Я тащусь от колотушек (Колотушки 3) Слушать
Lana Del Rey feat. Lena Katina - Miss You...Young And Beautiful (Maks Divine Mash Up) Слушать
Рафаэль Микрочисян - Отказался от всего земного Слушать
бригада - я такой какой я есть Слушать
♠ Рождество ♠ - Ты знаешь, как хочется жить Слушать
Армянские - Карен Арутюкян - Вор привыкший воровать Слушать